Он күн ішінде науқастардың 90 пайызы толық медициналық қызмет алады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Вице-министрдің айтуынша, жедел медициналық көмек  төтенше жағдайларда, өмір мен өлім арасындағы немесе өте ауыр жағдайларда ғана көрсетіледі.

"Стационардарда жедел медициналық көмекке арналған емханалар жанынан құрылған тиісті қабылдау бөлмелері бар. Сонда әсіресе, балалар үшін кезектен тыс қабылдаулар ұйымдастырылады", – деді Тимур Сұлтанғазиев.


Оқи отырыңыз: МӘМС-ке жыл сайын аударған қаражаттың жартысы қайтарыла ма? Министр жауап берді


Вице-министр жедел медициналық көмекті күту қалыпты жағдай деп санайды.

"Қай жағдайда да медциналық көмекті күту керек екенін түсіну керек. Біздің елімізде күту уақыты басқа елдермен салыстырғанда төмен. Мәселен, Ұлыбританияда МРТ немесе КТ алу үшін алты ай, Канадада жамбас ауыстыру операциясы үшін екі жыл күту керек. Бұл мәселемен күресіп жатырмыз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 10 күн ішінде науқас қызмет алуы керек деген ереже бар. Біз осы уақыт ішінде адамдардың 90 пайызы барлық қажетті көмек алатынына көз жеткіздік", – деді Тимур Сұлтанғазиев