Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы сынға түсті.  

Өкінішке қарай, отандастарымыз 1/8 финалдан аса алмады.

Отандастарымыз бұл бәсекеде Италия командасымен шеберлік байқасты. Ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко қорғады. Жарыстың негізгі уақытында жерлестеріміз жарысты 4:4 есебімен тең аяқталды.

Алайда қосымша уақытта қарсыластарына жол беріп алды.

Еске салайық, садақшыларымыз Олимпиада ойындарын ең бірінші болып бастаған болатын.

Олар 25 шілдеде рейтингтік раундта сынға түскен еді. Ильфат Абдуллин 29-орын (663 ұпай) алса, Дәулеткелді Жаңбырбай 22-орынға (668 ұпай), Александр Еременко 59-орынға (640 ұпай) табан тіреген еді.