Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мерзімді қызметін өтеген сарбаздардың барлығы бірдей жоғары оқу орнында тегін білім ала алмайтынын мәлімдеді. Бұл мүмкіндікті белгілі бір талаптарға сай ғана сарбаздар иелене алады. 

"Тегін білім алу мүмкіндігі барлығына бірдей берілмейтінін ескеруіміз керек. Біріншіден, олар елдің кез келген жоғары оқу орнына ҰБТ-ны есепке алмай ақылы негізде оқуға түсе алады. Ал қызмет кезінде өзін жақсы көрсеткен сарбаздар жоғары оқу орнының есебінен оқи алады", – деді Айгүл Төлембаева. 

Мұнымен қатар, министр кеңесшісі мерзімді әскери қызметін өтеген жастардың ЖОО жанындағы әскери кафедраларға емтихансыз түсіп, тегін оқи алатынын айтты. 


Оқи отырыңыз: Биыл 17 мың адам әскерге шақырылады. Олар білуі тиіс 8 сұраққа жауап


"Әскери қызмет ете жүріп әскери билет алады. Егер болашақта офицер болғысы келсе, онда жоғары оқу орнының барлық әскери кафедрасына емтихансыз түсіп, тегін оқи алады", – деді министрдің кеңесшісі.