Нұрлан имам деген атпен танымал Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысты. Бұл туралы Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Қайырымдылық шара барысында АҚШ президенті Дональд Трамп дін бостандығы туралы сөз қозғаған. 

"Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Президент: "Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл -– елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп" деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды. Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол, ағайындар…" – деді ол.