5 маусым күні өткен референдумда 330 мыңнан астам бюллетень жарамсыз деп танылды, деп мәлімдеді орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

"Жауаптың екі нұсқасын қатар белгілеп, жарамды деп танылған бюллетеньдер саны 1,58 пайызды немесе 125 859 дана бюллетеньді құрады. Алайда бұл бюллетеньдер дауысты санау кезінде ескерілмейді. Қалған бюллетеньдерден дауыс берушілердің қандай таңдау жасағаны белгісіз. Сол себепті олар жарамсыз деп танылып отыр. Мұндай бюллетеньдер саны 2,58 пайыз немесе 206 096 бюллетень болды", – деді Нұрлан Әбдіров.


Оқи отырыңыз: Экзит пол нәтижесі: Референдумға дауыс беру құқығына ие қазақстандықтардың 70,1 пайызы қатысты


Сондай-ақ, ол аймақтық комиссиялардың дауысты санаған соң, екі күн ішінде әрбір өңір бойынша хаттамалардың тұпнұсқасын жеткізуі тиіс екенін айтты.

"Республикалық референдумның қорытындылары орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленеді. Оны өткізу күні мен уақыты қосымша хабарланады", – деді комиссия төрағасы.