Сара Назарбаевтың өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі және баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. 

"Бірқатар отандық БАҚ-тың Сара Алпысқызы туралы сұрауына орай, әлеуметтік желіде оның өлімі туралы тарап атқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймын", – деп жазды Айдос Үкібай. 

Еске салайық, бұған дейін бірқатар әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева 84 жасында қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. 


Оқи отырыңыз: Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді