Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының сомасы қанша?
2023-2025 жылдары НЗМ мектептерінің оқу гранттарына республикалық бюджеттен 100 млрд теңге қарастырылмақ.2023 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының сомасы жатақхана ақысын қосқанда 3 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған "Өркен" білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін бекіту туралы Үкімет қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды.
Оған сәйкес, грант мөлшері келесі мәндерге ие болады:
- грант сомасы: 2 172 539 теңге (бұрынғы сомасы 2 140 733 теңге);
- жатақхана ақысын қосқандағы грант сомасы: 3 070 221 теңге (бұрынғы сомасы 3 038 333 теңге).
Еске салайық, гранттың сомасы жыл сайын индекстелуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
- Назарбаев зияткерлік мектебіне енді тек 7-сынып оқушылары ғана қабылданады
- Назарбаев мектебінің оқушылары басқа ел азаматтығын алса, гранттан айырылады
Сондай-ақ, қаулы жобасының жаңа мазмұнында 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте Назарбаев зияткерлік мектептерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға арналған шығыстар сомасы қолдау тапқаны жазылған. Оған сәйкес, 2023-2025 жылдары НЗМ мектептеріне арналған оқу гранттарын тағайындауға 100 млрд теңге шамасында қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді:
- 2023 жылы – 32 874 165 мың теңге;
- 2024 жылы – 33 971 483 мың теңге;
- 2025 жылы – 33 604 084 мың теңге.
Құжат жобасы 13 ақпанға дейін қоғамның жария талқысына ұсынылған.