Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алуға мүмкіндік беретін "Өркен" грантының сомасы азаяды. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды. Атап айтқанда, грант құны: 

  • студент жатақханада тұратын болса – 3 053 940 (өткен жылы 3 247 305) теңгені;
  • ал студент жатақханада тұрмайтын болса – 2 190 080 (өткен жылы 2 349 191) теңгені құрайды. 

Бұл өзгеріс әлі талқылауда болғанымен, ол қабылданған жағдайда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. 

"Өркен" грантының мәні жыл сайын индекстеледі. Грант құны 2023 жылдың басында шамамен 30 мың теңгеге өссе, 2024 жылы бірден шамамен 200 мың теңгеге артты. 

Еске салайық, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке сәйкес, 2023-2025 жылдары НЗМ мектептеріне арналған оқу гранттарын тағайындауға 100 млрд теңге шамасында қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Оның ішінде: 

2025 жылы – 33 604 084 мың теңге.


Оқи отырыңыз: Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының құны шамамен 200 мың теңгеге өсті