1 тамыздан бастап Астанадағы әуежайдың автотұрақ тарифі өзгереді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. 

P1, P2, P3 аймағындағы автотұрақ ақысы 100 теңгеден 200 теңгеге қымбаттайды. P4, P5, P6 аймағындағы баға сағатына 50 теңгеден 100 теңгеге көтеріледі. 

Оған қоса тегін экспресс желісін (парк желісі болмайтын) қолдануды теріс пайдалану фактілері мен шағымдардың көбеюіне орай, күндізгі уақытта үшінші және одан кейінгі келушілерге жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін күндізгі тегін 15 минуттық желіге 300 теңге сомасында болады. 

Бұл ретте жолаушыларды 15 минут ішінде жедел отырғызу және түсіру линиясына бірінші және екінші келу ақысыз күйі қалады.

"Автотұрақ тарифтерінің өзгеруі коммуналдық қызмет тарифінің өскеніне байланысты. Әуежайда автотұрақ құны басқа көлік нысандарымен салыстырғанда төмен күйі қалып отыр. Автотұрақтың оң жағында орналасқан 274 орынға есептелген жабық тұрақ құнының бағасы ішкі рейстерге арналған Т2 терминалы өзгеріссіз қалды", – делінген хабарламада. 

Әуежайда ақылы автотұрақтарға балама ретінде жабық автотұрақтың іргелес аумағында орналасқан ақысыз автотұрақ бар екенін еске салды.