Мың арқар, 20 мың киік: Павлодар облысында әуе санағы жүргізілді
Таулы жерде мекендейтін аша тұяқтыларды тікұшақпен бақылауға алып жатыр.10 сәуірден бастап өңірде Қызыл кітапқа енгізілген арқарлардың әуе санағы жүргізілді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады
"Зоология институты" РМК, "Охотзоопром ӨБ" РМҚК қызметкерлері және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен Баянауыл ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен бірлесе отырып арқарлардың санын есептеді. Мамандар тікұшақпен "Кызыл тау" зоологиялық қорық пен Баянауыл ауданының резервтік қорының аңшылық жерлерін бақылап шықты. Алдын ала есеп бойынша, мыңнан астам арқар есепке енді.
Ал 13 сәуірден Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары, ҚР ҒЖБМ ҒК "Зоология институты", "Охотзоопром ӨБ" РМҚК қызметкерлері және Павлодар мен Қарағанды облыстарының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары киіктердің әуе санағын жүргізді. Олар Май және Баянауыл аудандарын аралап, 20 мың киікті есепке алды.
Оқи отырыңыз: Президент ақбөкенді атуға рұқсат беретін шешім күшін жоятынын мәлімдеді