Қазақ халқы деген ұғымды құрайтын түп-тамыр мен тармақтарды, қазақтың ру-тайпаларын тереңінен сипаттайтын "Қазақ халқының тарихы" атты кітап жарық көрді. Өзегі – әйгілі 1925 жылы жариялаған "Материалы к истории киргиз-казахского народа" еңбегі. Баспагер Бақытжан Бұқарбай "қаншама уақыт өтсе де, бұл құнды дүниенің қазақшаланбағанын байқаған соң қазақшасы да жарық көру керек деген шешімге келдім" дейді. 

Ең бір ерекшесі – осыдан тура 100 жыл бұрынғы Мұхаметжан Тынышбайұлының қазақ халқының шығу тегі мен мемлекеттілігінің қалыптасуына арналған еңбегі ана тілімізге тұңғыш рет аударылып, оқырманмен қайта қауышты. 

Мұхаметжан Тынышбайұлы қазақтың көрнекті зиялысы, Түркістан автономиясының бірінші премьер-министрі, зерттеуші-тарихшы. Кітабында қазақтардың шығу тарихын жан-жақты әрі көркем түрде әңгімелейді. Қазақ халқы деген ұғымды құрайтын түп-тамыр мен тармақтарды, қазақтың ру-тайпаларын тереңінен сипаттайды.


Оқи отырыңыз: Бақытжан Бұқарбай: Тарихтағы ащы сәттерді қабылдағың келмеуі – олар болмады деген сөз емес


"Қазақ халқының тарихы" және "Семь лет в Казахии" – "Таза тарих" сериясымен жарық көрген үшінші және он төртінші кітаптар. Оның бірі – ХХ ғасырдың 50-жылдарында қазақ даласында жеті жылдай өмір сүрген ағылшын саяхатшыларының туындысы. Бұл кітапта ерлі-зайыпты Аткинсондар Қазақстанның Шығыс өңірінде болған. Лепсіге келіп, Алатау бөктеріне дейін түскен. Олар Қазақстанға жасаған саяхаты кезінде көрген-білген деректерін естелік ретінде жазып қалдырыпты. Әрине, Қазақстанмен ғана шектелмеген, сонымен бірге, олар Сібірді аралаған. Біз авторлардың еңбегінен қазақ халқына қатысты тарауларды іріктеп алып, нәтижесінде жинақ ретінде басып шығардық. Бұл кітаптың ерекшелігі – ағылшын саяхатшылары сол замандағы қазақ даласында мекендеген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігін өз көзқарасымен баяндайды. Сондай-ақ кітапта қазақ халқының тарихы, этнографиясы, географиясы, мәдениеті жайлы құнды көзқарастар жинақталған. Екінші кітап – қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, тарихшы-ғалым, тұңғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тынышбайұлының 1925 жылы орыс тілінде жарияланған зерттеу кітабы. Біз былтыр арада жүз жыл өтсе де, бұл кітаптың әлі күнге дейін қазақ тіліне аударылмағанын білдік. Рас­ында, бұл біз үшін жаңалық болды", – деді  баспагер өз сөзінде.

Фото: AmalBooks баспасөз қызметі

Баспагер кітапты басып шығару алдында тарихшы мамандардың көмегіне жүгінгенін айтады. Солардың бірі – Қазақстан тәуелсіздік алған уақытта Тынышбайұлы тақырыбын алғаш зерттей бастаған, тіпті әлі күнге дейін зерттеу жұмыстарын жалғастырып келе жатқан Гүлбану Жүгенбаева есімді ғалым. Ол – Тәуелсіз Қазақстанда Тынышбаевқа қатысты тұңғыш диссертация жазған маман. 

"Мұхаметжан Тынышбайұлының еңбегін қазақ тіліне аударып, толыққанды әзірлегеннен кейін Гүлбану ханым сүзгіден өткізіп шықты. Біз тарихшының мақұлдауынан кейін ғана кітапты баспаға бердік. Сонымен қатар баспагерден архивтегі тарихи деректермен жұмыс істеу процесі жайында сұрастырдық", – деді Бақытжан Бұқарбай. 

Баспагер  үлкен деректер қорымен жұмыс істеу үшін архивтерді аралау қомақты қаражатты талап ететінін, дегенмен соған қарамастан заманауи технологиялардың шексіз мүмкіндігін пайдаланатынын, соның ішінде цифрландырылған деректерге сүйенетінін тілге тиек етті.


Оқи отырыңыз: Кенесары хан мен Сыдық сұлтан туралы кітап жарық көрді


Мұнымен қатар Бақытжан Бұқарбай "Семь лет в Казахии" кітабын алдағы уақытта қазақ тіліне аудару мәселесі жоспарда бар екенін айтты. Сиясы кеуіп үлгермеген су жаңа қос шығарма 1500 данамен сатылымға шығыпты.