Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Ол бұған дейін ҚР президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.
"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылсын", – деп жазылған президент жарлығында.
Оқи отырыңыз: 25-тегі жастан 74-тегі зейнеткерге дейін: Мәжілістің жаңа құрамына шолу