Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы федрациясының сайтындағы ақпараттан белгілі болды. Ол бапкерлер штабымен жұмысқа жауапты болады.

Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері.

Еске салайық, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ал Кеңес Рақышев федерацияның құрметті президенті атанды. 


Оқи отырыңыз: Кеңес Рақышев ҚР бокс федерациясында қызмет етуді жалғастырады