2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 383,2 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,5 мың – жеке көмекшінің, 66,5 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

"Бүгінгі күні Порталда 868 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық, 513 ОТҚ жеткізуші, 28 мыңнан астам жеке көмекші, 712 ымдау тілі және 109 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Мүгедектігі бар адамдар әуе билетін 50 пайыз жеңілдікпен алады


Порталды пайдалану бойынша кеңесті қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.