Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында үйлестіру кеңесін құру туралы" бұйрық дайындады. Құжат 5 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.

Үйлестіру кеңесінің құрамы екі жылда кемінде бір рет өзгертіледі.

"Үйлестіру кеңесінің құрамына мемлекеттік органдар мен мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы және ұйым мүшелері кіреді. Сонымен қатар, кеңестің арнайы ережесі әзірленді" - делінген құжатта.


Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі: Мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл бойы субсидияланады


Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті қандай?

  • "Мүгедектігі барлардың құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заңымен ратификацияланған мүгедектердің құқығы туралы конвенция бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
  • мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын қарау;
  • басшылар мен лауазымды тұлғалардың мүгедектігі барлар құқығын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы жұмысы туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. 


Шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болса, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептейді.