Мешітте намаз оқып отырған әйел соққыға жығылды
Оқиға мешіттің бақылау камерасына түсіп қалған.Абай облысында мешітте намаз оқып отырған әйел соққыға жығылды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Сұмдық жағдай мешіттің бақылау камерасына түсіп қалған.
Мұнда құлшылық жасап отырған әйелді екінші бір келіншек тоқпақтап ұрып, аямай тепкілеп кеткені анық байқалады. Болған сұмдықты бірі дөкейдің әйелі десе енді бірі ақыл есі дұрыс емес, ішіне жын кірген болар деп топшалады.
Оқиға шілде айында таңғы бес-алты шамасында орын алған.
Имамдардың айтуынша сыртан бірге кірген екі әйелдің бірі аяқ асты ашуланып жанындағы намаз оқып отырған әйелді балағаттап сабай жөнелген.
Таң намазын оқып отырған жамағат араша түсіп бірден 102-ні шақырған. Мешіт қызметкерлерінің айтуынша олар бір бірін танитын адамдар болып шықты, және ол үшін арыз жазбаған.
"Аталған дерек Абай облысы ПД Семей қаласы полиция бөлімі Әуезов полиция бөлімімен тіркелді. Жәбірленуші әйелдің шағымы болмағандықтан одан әрі өндірісті тоқтату туралы өтініштен қарсы арыз түсті. Сондықтан өтініш қараусыз қалдырылды", – деді Семей қаласы полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары Медғат Жүнісов.