Мемлекеттен жалға алынатын тұрғын үй ақысын төлеуге субсидияны қалай алуға болады?
Жалдамалы баспананы отбасылар өздері іздейді.Ең алдымен, субсидия алуға үміткер "Баспана маркет" маркетплейсінде тіркелуі қажет. Оны электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен жасауға болады. Сондықтан азаматтар оны алдын ала алуы немесе қолданыстағы ЭЦҚ-ның жұмыс істеп тұрғанын тексеруі керек. Ал мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған барлық қазақстандық өтініш бере алады, деп хабарлады "Отбасы банк" АҚ баспасөз қызметі.
Олар:
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
- көп балалы отбасылар.
Порталда тіркелгеннен кейін субсидия алуға өтініш беруші оған төлемдер тағайындалуы үшін стандартты өтініштерді толтырып, өзіне қолайлы пәтер немесе үй табады. Жалға алу келісімшарты порталда үлгі нысаны бойынша автоматты режимде рәсімделеді. Оған, сондай-ақ, платформада субсидия алуға өтініш беруші мен баспананы жалға беруші қол қояды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 5 пайыздық ипотекаға қалай қол жеткізуге болады?
Әрі қарай жеке куәлік, неке немесе некені бұзу туралы куәліктер, балалардың туу туралы куәліктері, тұрғын үйдің бар-жоғы туралы анықтамалар, тіркеу және кіріс туралы мәліметтерді банк мемлекеттік органдардың деректер базасымен бірігуі арқылы дербес тексереді. Субсидия алуға өтініш беруші туралы барлық деректерді тексергеннен кейін банк шот ашуға көмектеседі. Өтініш беруші оған жалдау құнының жартысын аударуы керек. Содан кейін банк қалған 50 пайызын қосып, жалпы соманың 100 пайызын жалға берушінің шотына аударады.
Жалдамалы баспананы отбасылар өздері іздейді. Оның құнын есептеу кезінде бірнеше факторды ескеру қажет. Олар жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген. Құжатқа сәйкес, жалға алынатын тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны АЕК-тің жылдық деңгейі мен облыс немесе қаланың белгіленген коэффициенті негізінде қалыптасады.
Сондай-ақ, ережелерде жалдамалы үйдің немесе пәтер аумағының ең жоғарғы көлемі анықталған:
- 1-3 адамнан тұратын отбасы үшін – 40 шаршы метр;
- 4-5 адамнан тұратын отбасы үшін – 60 шаршы метр;
- 6 және одан да көп отбасы мүшелері үшін тұрғын үйдің ауданы 80 шаршы метрден аспауы тиіс.
Егер тұрғын үй ауданы кеңірек болса, онда жалға алушы айырмашылықты өз есебінен төлейді. Мысалы, Алматы қаласының тұрғындары үшін 1 шаршы метрдің құны 2 759 теңге болып белгіленді. Тиісінше, үш адамнан тұратын отбасы шамамен 110 000 теңге тұратын жалдамалы баспана ала алады.
Оқи отырыңыз: "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы
Банк жалдамалы тұрғын үй субсидиясын жалға алу келісімшартының мерзімі аяқталғанша ай сайын төлейтін болады. Құжаттың күшін мерзімінен бұрын жоюға, сондай-ақ жаңа үй иесімен келісімшарт құруға рұқсат етілген. Бұл жағдайда банк порталында өтініш беру процесі қайтадан жасалады. Сондай-ақ, банк жыл сайын субсидия алушылардың шарттарға сай келуіне мониторинг жүргізіп, төлем тәртібін ай сайын қадағалап отырады. Ал жергiлiктi әкiмдiктер жалдамалы үйлер мен онда тұрып жатқан азаматтарды кемiнде тоқсанына бiр рет тексереді.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, жақын туыстардан және жұбайлардан, оның ішінде бұрынғы жұбайларынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан тұрғын үйді жалға алуға, сондай-ақ қайта жалға өткізуге тыйым салады.
Еске сала кетейік, отбасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (36 018 теңге) аспауы тиіс.
Аймақ |
Коэффи- циент |
1 ш.м. арналған төлем мөлшері |
3 адамға дейінгі отбасы мүшелері үшін |
5 адамға дейінгі отбасы мүшелері үшін |
6 және одан көп отбасы мүшелері үшін |
Нұр-сұлтан |
1,11 |
2 759 |
110 378 |
165 568 |
220 757 |
Алматы |
1,11 |
2 759 |
110 378 |
165 568 |
220 757 |
Шымкент |
1,43 |
2 142 |
85 678 |
128 518 |
171 357 |
Ақмола облысы |
1,95 |
1 571 |
62 831 |
94 246 |
125 662 |
Ақтөбе облысы |
1,75 |
1 750 |
70 011 |
105 017 |
140 023 |
Алматы облысы |
1,61 |
1 902 |
76 099 |
114 149 |
152 199 |
Атырау облысы |
1,41 |
2 172 |
86 894 |
130 340 |
173 787 |
ШҚО |
1,78 |
1 721 |
68 831 |
103 247 |
137 663 |
Жамбыл облысы |
2,24 |
1 367 |
54 696 |
82 045 |
109 393 |
БҚО |
1,82 |
1 683 |
67 319 |
100 978 |
134 637 |
Қарағанды облысы |
1,52 |
2 015 |
80 605 |
120 908 |
161 211 |
Қостанай облысы |
1,99 |
1 539 |
61 568 |
92 352 |
123 136 |
Қызылорда облысы |
2,14 |
1 431 |
57 252 |
85 879 |
114 505 |
Маңғыстау облысы |
1,3 |
2 356 |
94 246 |
141 369 |
188 492 |
Павлодар облысы |
1,55 |
1 976 |
79 045 |
118 568 |
158 090 |
СҚО |
1,92 |
1 595 |
63 813 |
95 719 |
127 625 |
Түркістан облысы |
1,33 |
2 303 |
92 120 |
138 181 |
184 241 |
Еске салсақ, FinReview 2022 жылы тұрғын үй бағасы 5-10 пайыз өседі деп болжам жасады. Қаңтар қорытындысы бойынша, жаңа үйлер 2,1%-ға, екінші нарықтағы пәтерлер 2,8%-ға қымбаттады.