Мемлекет қаржыландыратын киножобалардың тізімі белгілі болды
Биылғы питчингке 115 киножоба қатысты.2023 жылғы конкурстық іріктеуден 19 киножоба өтті. Енді бұл жобалар өз өндірісіне мемлекеттік қаржылық қолдау алады, деп хабарлады "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ баспасөз қызметі.
Бұл шешім Киноорталық жанындағы сараптама кеңесінің оң қорытындысы мен ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынымының негізінде қабылданған.
Биылғы питчингке 115 киножоба қатысты. Нәтижесінде 19 өтінім іріктелді: 10 толықметражды көркем фильм, 5 деректі, 2 қысқаметражды және 2 анимациялық фильм бар.
Әлеуметтік маңызы бар көркем фильмдер:
- "Капитан Байтасов" к/ф (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ);
- "Шырмауық" к/ф (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ);
- "ҚҰТ" к/ф ("Фирма Қадам" ЖШС);
- "Игроманка" к/ф ("Центр творчества "PROTALENT" ЖШС);
- "RESTART: ШЕКСІЗДІККЕ ДЕЙІН" к/ф ("Dala Cinema" ЖШС);
- "Qairat" к/ф ("SBA ENTERPRISE" ЖШС);
- "Фейковый арман" к/ф ("CentauRus "Rustem Abdrashev production" ЖШС);
- "Перед рассветом" қ/ф ("A Films" ЖШС);
- "Күн ұясына батқанда" қ/ф ("Serper Production" ЖШС).
Деректі фильмдер:
- "Мы здесь живем" д/ф ("Plan B" ЖК);
- "Біздің заманымызға дейін" д/ф ("Фирма Қадам" ЖШС);
- "Соңғы парыз" д/ф (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ);
- "Здравствуй, добрый человек!" д/ф (Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ);
- "Мангистау – край океана Тетис" д/ф ("АРДФИЛЬМ" ЖШС)
Анимациялық фильмдер:
- "Алан туралы аңыз" а/ф ("САҚ-дала" ЖШС);
- "Үміт әр дайым жанымызда" а/ф ("SUGUR Film" ЖК).
Дебюттік фильмдер:
- "Осенний бриз" к/ф ("Медетфильм" ЖШС );
- "ГРАЖДАНЕ КРЫШИ" к/ф ("SMAG Production" ЖК).
Бірлесіп шығарылатын фильм – "Победителей Видно на Старте" к/ф ("Accidental Films" ЖШС).