Мемлекет басшысы: NEET санатындағы жастардың арасындағы жұмыссыздыққа айрықша назар аудару қажет
Осы орайда үкіметке және әкімдікке жастарды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.Президент Алматы тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар проблемаға тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының пікірінше, ең алдымен, NEET санатына жататын жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесіне айрықша назар аудару қажет", – делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Алматыда аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді
Осы орайда үкіметке және әкімдікке жастарды жұмыспен қамту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берілді.
Кеңес барысында Алматы экономикасын әртараптандыру мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерліктің даму әлеуетіне оң баға берді. Келтірілген мәліметтерге сәйкес 2022 жылдың өзінде Алматы мемлекеттік бюджетке төрт триллион теңгеден астам қаржы құйды. Қаладағы салық түсімдерінің басым бөлігі шағын және орта бизнестің төлемдеріне тиесілі.
"Президент мегаполистегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау жөнінде міндет жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жеке капиталды тарту, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын күшейту, жаңа көлік-логистикалық орталықтарына қолдау көрсетудің тың шараларын қарастыру, креативті индустрия, туризм салаларын дамыту Алматы экономикасына тың серпін беруге тиіс", – делінген Ақорда хабарламасында.