Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті
Қазақстан президентінің келуіне орай, оған ерекше құрмет ретінде пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қазақстан президентінің келуіне орай, оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Біз домбыраны жан-жақты дәріптей береміз
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" деген мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.