Мемлекет басшысы: Әлемдегі азық-түлік ісіне саясатты араластырмауымыз керек
Тоқаев азық-түлік пен тыңайтқыш жеткізуді санкциялардан босатуға шақырды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммиті кезінде әлемде азық-түлік қауіпсіздігі жаһандық күн тәртібінде айрықша маңызға ие болып отырғанын атап өтті. Осы орайда ол мемлекеттерді бұл мәселеге саясатты араластырмауға шақырды.
"Азық-түлік қауіпсіздігі де жаһандық күн тәртібінде айрықша маңызға ие бола бастады. Бүгінде әлемдегі азық-түлік өндіруші төрт ірі елдің үшеуі – БРИКС мүшелері. Ал БРИКС елдерінің ауыл шаруашылығы саласындағы ЖІӨ-нің жиынтық мөлшері әлемдік көрсеткіштің жартысынан асады. Елдеріміз арасындағы азық-түлік теңгерімсіздігін азайту үшін тиісті шаралар қабылдауымыз қажет", – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз: Тоқаев 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынды
Мұнымен қатар ол әлемдегі азық-түлік пен тыңайтқыш жеткізу ісіне саясатты араластырмай, оларды кез келген санкциялар мен шектеулер ықпалынан босату қажеттігін атап өтті.