Мемлекет басшысы сұйытылған газ айналымына қатысты заңға қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ айналымына қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", – деп жазылған құжатта.