Мемлекет басшысы: Абай облысы аумағынан қазба байлықтар көп табылады деп ойлаймын
Тоқаев облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізуді тапсырды.Абай облысында тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандырады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Тағы бір өзекті мәселе – бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару. Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды. Жалпы, бұл жұмыс одан әрі жалғасады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мұнымен қатар, аймақтың жер қойнауы полигон себебінен жылдар бойы игерілмегенін атап өтті.
"Сол себепті, облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Қазба байлықтар көптеп табылады деп ойлаймын. Тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандырады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді", – деді мемлекет басшысы.