2022-2023 оқу жылынан бастап үш ауысымды мектептерден басқа мектептің бәрін бес күндік оқу форматына көшіру туралы шешім қабылдадық, деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында. 

"Бұл мектеп директорларына, ұстаздарға, мектептің барлық қызметкерлеріне қатысты. Біздің ойымызша, сенбі күні ұстаздар демалуы керек, балаларымен бірге болуы керек. "Бұл еңбек демалысының ақысына әсер ете ме?" деген сауал туындауы заңды. Бұл еңбек демалысының ақысына әсер етпейтін болады", – деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов бұл өзгерістің еңбек демалысының ұзақтығына да әсері болмайтынын атап өтті. Еңбек демалысы 56 күн болып өзгеріссіз қалады.


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов "Өзін-өзі тану" туралы: мұғалімдерге қосымша ақша табу мүмкіндігі болған


"Сондай-ақ директорларға да өтінішіміз бар. Біз тиісті бұйрықты қабылдадық. Кей әріптестеріміз сенбі күнін әдістемелік күн ретінде өткізуге немесе педагогтарымызды жұмысақ шақыруға талпынып жүр. Бұл тәжірибені тоқтату керек. Барлық педагогтар, мектеп бес күн жұмыс істеуі керек. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен білім бөлімдері секілді", – деді министр.