Мектеп ең алдымен, тәрбие мен білім ошағы, сондықтан мұғалімдер бар күш-қуатын білім беруге бағыттауы тиіс, деп хабарлайды 31 арнаны Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Айта кетейік, бірер күн бұрын әлеуметтік желіде оқушылардың мектепте намаз оқыған бейнежазбасы тараған еді. Онда бір топ баланың сәждеге жығылып жатқаны таспаланған. Әзірге бұл видеоның нақты қай өңірде түсірілгені белгісіз.


Оқи отырыңыз: Мектеп оқушыларының ораза ұстағаны дұрыс па?


Қазір министрлік сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ұясын анықтауға кірісті. Заң бойынша оқу орындарында діни рәсім жасауға тыйым салынған.