Мәжіліс депутаты: Арқалық пен Торғайды дамыту үшін кешенді жоспар қажет
Өңірдің инфрақұрылымы тозып, тұрғындары азайып, тұрмыс деңгейі төмендеген.Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы Арқалық және Торғай өңірінің дамуына байланысты арнайы кешенді жоспар қабылдауды ұсынды.
"Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар баршылық, дегенмен де аймақтың инфрақұрылымы тозып, тұрғындар санының азайып, тұрмыс деңгейі төмендеп кеткені жасырын емес. Өкінішке орай, бүгінде стратегиялық маңызы зор бола тұра, Торғай аймағының дамуы кенжелеп қалып отыр. Өңірдің жалпы мемлекетіміздің дамуында астықпен, мал шаруашылығымен, болашақ пайдалы қазбаларымен қосатын әлеуеті үлкен", – деген ол Торғай өңірінің экономикалық-әлеуметтік ахуалына қатысты мәселелерді атап өтті:
Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Мұның Арқалық-Торғай өңірі үшін ерекше маңызы бар. Мәселен, Державинск-Арқалық республикалық тас жолының бөлігі күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді. Ал республикалық Ұлытау-Арқалық автомобиль жолын қайта жаңарту – өңір халқы үшін үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызы бар.
Бұған қоса, Арқалық-Торғай-Ырғыз арқылы өтетін "Орталық-Батыс" автомобиль жол жобасы жүзеге асса, өңір үшін үлкен даму мүмкіндігін береді. Қазірдің өзінде, сол көп қаражаты қажет ететін автобан мәселесі шешілгенше Торғай мен Ырғыз арасындағы 70 шақырым жолды қосу жобасы қолға алынуы қажет.
Оқи отырыңыз: 19 – 14 – 17. Қазақстан облыстарының тарихына шолу
Арқалықтағы Боксит өндірісі жабылып, бюджеттік табыс көзі азаюда. Өңірдегі кәсіпорындардың жалақы деңгейі төмен. Мамандар жеткіліксіз. Мәселен, өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ететін 500-ге жуық жұмыскері бар "Қостанайюжэлектросервис" мекемесінде жалақының орташа мөлшері 89,0 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, жаңа айтылған АТЭК ("Аркалыкская Теплоэнергетическая компания") мекемесінің де жалақыны көтеруге мүмкіндігі жоқ. Көптеген мамандар жұмыстан шығып жатыр.
Арқалықта 10 жылға жуық уақыт Орталық мәдениет сарайы спорт кешенімен қоса жабық тұр. Жыл сайын жөндеуге сұраған қаражат бөлінбейді. Жергілікті жердің бюджеті жетпесе, республикалық бюджеттен қаражат бөлу керек.
Оқи отырыңыз: Майгелдинов: Ұлытауда Жошы, Алаша хан кесенелері бар, бірақ оларға баратын жол жоқ
Арқалықтың екі гимназиясы стандартқа сай келмейтін ғимаратта отыр. Бұрыңғы әкімшілік ғимаратында оқып, оқушылардың спортпен айналысатын мүмкіншілігі жоқ. Мемлекет басшысының мың мектеп соғу тапсырмасына сай, Арқалықта жаңа мектеп соғу керек.