Успен орманшылығы қызметкерлері оларға басшылық қызмет барысында қолдану үшін осыдан 49 жыл бұрын шығарылған өрт сөндіру техникасын ұсынғанын айтты деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, ескі техниканы орман шаруашылығына 31 шілде күні берген. Яғни, қызыл жалынның кесірінен қолданыстағы техникалар жанып кеткенде ескі техниканы өрт сөніруге жіберуге мәжбүр болғанын айтты.

Алапат орман өртін сөндіру кезінде "Семей орманы" мекемесінің бес бірлік техникасы жарамсыз болып қалған. Енді олардың орнын толтыру үшін және орманшыларға жаңа өрт сөндіру техникасын алу үшін бюджеттен 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Техникаларды кезегімен жаңартып жатыр.


Оқи отырыңыз: Орман өртінен ауаны түтін басқанда не істеу керек? Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді.


"Шілде айында DOS CAR компаниясы JAC-6T маркалы 2 жоғары өтімді автокөліктің кілттерін табыстады. Қыркүйек айында "АҚ ЕРТІС" қоғамдық қорынан облыс Әкімі Н.Т.Уранхаевтың қолдауымен тағы тағы басқа жабдықтармен қамтамасыз етілді", – деді "Семей орманы" МОТР2 РММ бас директоры орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Төлеген Галлямов.