Маңғыстауда ең төмен күнкөріс деңгейі 44 мың теңгеге жетіп, республикадағы орташа көрсеткіштен 14,3% асып түсті
Елдегі ең төмен күнкөріс деңгейі 1% азайды.Тауар мен қызмет бағасы 0,7% қымбаттағанда, елдегі ең төмен күнкөріс деңгейі 1% азайды, деп хабарлады Ranking.kz.
2021 жылдың шілде айында ең төмен күнкөріс деңгейінің минимумы 38,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 14,1% көп (33,7 мың теңге). Бір ай ішінде ең төмен күнкөріс деңгейінің минимумы 0,9%-ға азайып отыр.
Инфляция деңгейі жаңа антирекорд орнатты. 2016 жылдың соңынан бері бірінші рет инфляция 8,4% құрады. Бір айда:
- азық-түлік тауарлары – 0,7%,
- азық-түлік емес тауарлар – 0,5%,
- ақылы қызметтер 0,8% қымбаттады.
Өңірлер бойынша лидерлер:
- Маңғыстау облысы – 44 мың теңге, республика бойынша орташа көрсеткіштен 14,3% көп;
- Нұр-Сұлтан – 43,4 мың теңге, 12,8%;
- Алматы – 40,8 мың теңге, 6,2%;
- ШҚО – 39,6 мың теңге;
- Павлодар облысы – 39,3 мың теңге.
Тек осы қалалар мен облыстарда ең төмен күнкөріс деңгейі орташадан асады. Ал ең аз көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр – 34,7 мың теңге, республика бойынша орташа деңгейден 9,8% аз.