Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген жануарды атқан браконьерлер ұсталды
Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылында тұрғынның тыйым салынған жануарларды үйінде ұстағаны белгілі болды. Ереже бұзу "Охотзоопром ӨБ" РМҚК мен Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасы нәтижесінде ұсталды.
"Тұрғын үйді тінту барысында ауладағы Toyota Sequie маркалы автокөліктің артқы жүк салғышынан Қызыл кітапқа енгізілген, жойылып кету қауіпі бар 17 қарақұйрыққа ұқсас жануардың ұшасы, 1 дана қарақұйрыққа ұқсас жануардың сойылған еті, 1 дана аңшы мылтығы, 66-дана 12 калибрлі, 37-дана 7,62 санды калибрлы оқ-дәрі, 1 дана балта, 4 дана ас үй пышағы, 1 дана пышақ, 7дана қуаттағыш
батерейкалар заттай дәлелдеме ретінде алынды", – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды.