Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнында адам өлімімен аяқталған апат болды, деп хабарлайды "ӨзенМұнайСервис" ЖШС баспасөз қызметі.

27 қаңтарда түнгі ауысым кезінде кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген "МұнайСпецСнабКомпани" ЖШС мердігер ұйымының қызметкері қайтыс болды.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекциясының басшылығымен алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау үшін оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл оқиға жұмыс беруші – "МұнайСпецКомпания" компаниясы мен ӨзенМұнайСервистің» басшылықтың ерекше бақылауында", - деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Ұлытау облысындағы кеніште ұңғымашы қаза тапты