Маңғыстауда колледж директоры 29,5 миллион теңге ұрлады: сот үкім шығарды
Ол өз қызметкерлеріне сыйлықақы беру туралы қаулылар шығарып, ақшаны өзі алып отырған.Маңғыстау облысында прокурорлар гуманитарлық колледж директорының бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады. Ол қаражат қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Прокуратура органдары бюджет қаражатын тиімді пайдалану заңдылығының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізеді. Талдау барысында гуманитариялық колледжінің директорымен қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды.
"Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденге", – деп жазылған хабарламада.
Бейнеу аудандық сотының үкімімен колледж директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында балабақшаның бұрынғы директоры мен есепшісі 62 миллион теңге жымқырды деген айыппен сотталды