Маймыл шешегі қай елдерде асқынып тұр?
Қазірге дейін әлемде оған 56 551 адам шалдықса, 16 адам көз жұмды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бүгінгі таңда әлемнің 101 елінде 56 551 адам маймыл шешегіне шалдықты. Олардың ішінде ең көбі АҚШ-та. Бұл елде маймыл шешегінің 21 149 жағдайы тіркелген.
Кейінгі орындарда:
- Испания (6 749);
- Бразилия (5 525);
- Франция (3 638);
- Германия (3 518);
- Ұлыбритания (3 484) тұр.
Сондай-ақ, маймыл шешегімен ауырған 16 адам (Гана – 3, Испания – 2, Бразилия – 2, Перу – 2, АҚШ – 1, Бельгия – 1, Италия-1, Эквадор – 1, Уганда-1, Үндістан – 1, Куба – 1) қайтыс болған.
Оқи отырыңыз: Маймыл шешегіне қарсы вакцина салдыру міндетті бола ма?
Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ.
"Осы инфекцияның әкелінген жағдайлары тіркелген Африка елдерінен және басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі үнемі жаңартылып отырады" делінген Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.