Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кеңесшілерінің бірін ауыстырды, деп хабарлады Ақорда. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Бұл қызметті атқарған Болат Оралұлы Ақшолақов лауазымынан босатылды.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.  

Ол әр жылдары экология, геология және табиғи ресурстар министрі, энергетика министрі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы, президент кеңесшісі қызметтерін атқарды. 


Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев ҚР Президенті әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.