Мәжіліс депутаты: Бұл – ақылға сыймайтын қылмыс
Дархан Мыңбайдың пікірінше, заматтық позиция болуы керек, бірақ айтаққа еруге болмайды.Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған үндеуіне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, президент елдегі жағдайға қатысты Конституция мен өз құзыретіне сай батыл шешім қабылдаған.
"Ендігі уақытта президент белгілеп берген міндетті әрбір жауапты мемлекеттік орган, әр басшы мен халық өз деңгейінде орындай білсе. Сонда ғана елімізді қалпына жұмыстары келтіру тезірек жүзеге асады. Бүгін мемлекет басшысы қабылдаған шешім әрбір қазақстандыққа қатысты, сондықтан азаматтарымызды жауапкершілік пен ел бірлігі үшін ұйымшыл болуға шақырамын", - деді Дархан Мыңбай.
Оның айтуынша, елдегі бассыздық кезінде аса қатыгездік байқалып, қан төгілді.
"Бұл ақылға сыймайтын қылмыс", – деді Мәжіліс депутаты.