ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру неге әлі басталмағанын түсіндірді.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі жаңа әліпбиге көшу 2023 жылдан 2031 жылға дейін жүзеге асырылады деп шешкен болатын. Алайда кезең-кезеңмен өту процесі биылғы жылға дейін басталған жоқ: ол үшін әліпби мен емле ережелерін бекіту қажет. Үкімет осыдан кейін ғана қандай құжаттарды бірінші кезекте латын графикасына аударатындығы туралы жоспар құра алады. 

"Қазіргі уақытта әліпбидің соңғы нұсқасы қабылданбады, өйткені оны пысықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ғалымдар әліпбидің жаңа жобасында "Ы" әріпін "I ı" белгісімен белгілеуді ұсынады. Сондай-ақ әліпбидің бұл жобасында умлаут (á, ï, ö, ü), бревис (ğ), тильда (ñ), седиль (ş), макрон (ū) сияқты диакритикалық таңбалар қолданылған. Қазіргі уақытта ғалымдар латын графикасына көшкен түркітілдес елдердің тәжірибесі негізінде орфографиялық ережелерді реформалау бойынша зерттеу жүргізуде (орфографиялық ережелерді қалыптастыру және оларды енгізу кезеңі, алынған сөздерді игеру тәжірибесі, ауысу кезеңдері және басқалар)", – делінген ғылым министрлігінің Informburo.kz тілшісіне берген жауабында. 

Жұмыс барысында лингвистер ағылшын, француз, неміс, орыс, түрік, әзербайжан, өзбек және қарақалпақ жазуларының реформаларына сүйенді. Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жобасында қамтылған диакритикалық әріптер танымал iOS және Android операциялық жүйелерінде бар.


Оқи отырыңыз: Дүйсенова: Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады


Осы жылдың сәуір айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне асығыс көшу кезінде қазақ тілінің бұрмалануын сынға алды. Мемлекет басшысы кириллицада жиі кездесетін "ы" әрпі бар сөзді мысалға келтірді. Ол "ырымшыл" сөзін латын әліпбиіне аударғанда, үш "игрек" ("y") алынатынын атап өтті.

Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев "Расымен қазақ тілі осындай бола ма? Оны кім түсінеді? деп риторикалық сұрақ қойған еді.

Осы орайда президент бұл мәселеде мұқият жұмыс жүргізудің маңыздылығына назар аударды.