Күзде Алматыда қоғамдық көлік ақысы қымбаттауы мүмкін
Қоғамдық көлік бағасы 12 жылдан бері өзгермеген.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев биыл күзде қаладағы қоғамдық көлікте жүру ақысын өсіру жоспарланып отырғанын айтты.
"Қаладағы тариф саясатын өзгерту керек. Бізде 2012 жылдан бері жолаушы тасымалдау тарифі – 80 теңге. 12 жылдан бері өзгермеген. Әлемде автобусқа мінуге, сосын метроға, троллейбусқа және тағы басқасына көшуге болатынын көріп отырмыз. Қазір бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз, қыркүйекке дейін бітіреміз деп үміттенемін", – деді Ерболат Досаев.
Ол былтыр қалаға 550 автобус сатып алынғанын, биыл тағы 600 автобус сатып алынатынын айтты. Оған қоса жеке тасымалдаушылар 540 автобус сатып алады.
Оқи отырыңыз: Алматыда қар барысы бейнеленген мурал қалпына келді