1 сәуірден бастап курьерлер e-Salyq Business мобильді қосымшасы пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдана алады, деп хабарлайды ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

"Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 наурыздағы №213-VII Заңымен "e-Salyq Business" арнаулы мобильді қосымшасы пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер көзделген. Салық кодексінің 686-2-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына енгізілген толықтыруларға сәйкес, арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезіндегі қызмет түрлерінің тізбесі "пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізу" қызмет түрімен толықтырылды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Пәтер сатқанда қалай салық төлемеуге болады? 5 сұраққа жауап


Жаңашылдық 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.