Қазақстандықтар енді жол белгілерін ұрлауға көшкен. Бірі одан күрек жасаса, енді бірі жол белгісін қазанға қақпақ қылған, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдаралмасы.  

Тіпті жарық шағылыстырғыш белгілерді велосипедтердің дөңгелегіне тағып қойғандар да бар екен. Ең сорақысы жарық бағыттайтын екі бірдей үлкен трансформатор қолды болған.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 25 мыңнан астам жол белгілері жетіспейді


ҚазАвтоЖол өкілдерінің айтуынша, белгілерді ұрлау дерегі былтырғы жылдармен салыстырғанда азайған. Мәселен 2021 жылы компания жол белгілерінің қолды болуынан 60 миллион теңге шығынға батқан. Дегенмен биыл да жалпы құны 20 миллион теңгені құрайтын жол белгілері ұрланыпты. 

"Жол бойынан көбінесе жол белгілері, үй жануарларының жолға шығып кетуінен қорғайтын торлы қоршаулар, катафоттар мен стробоскоптар ұрланады. Биыл белгісіз адамдар жарық бағыттайтын 2 үлкен трансформаторды ұрлаған жайттар да тіркелді. Ұрланған жол инфрақұрылымы элементтері көбінесе тұрмыстық мақсаттарда қолданылады", – дейді "ҚазАвтожол" ұлттық компаниясының ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.


Оқи отырыңыз: "Жол белгісін қазанға қақпақ етеді". Көлік апатының жиілеуіне не себеп?