Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын ел екеніне қарамастан, бір жылда ол 20 пайыз қымбаттады. Мұндай дерек Еnergyprom.kz сайтының зерттеуінде жазылған.

2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан 197,3 мың тонна күнбағыс майы өндірді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 29,6%-ға жоғары. Бұл ретте:

  • тазартылмаған күнбағыс майының өндірісі былтырғыдан 61,3%-ға артық болса;
  • тазартылған өнімнің өндірісі 6,9%-ға аз.

"Тазартылмай сатылатын күнбағыс майының 78%-ын Шығыс Қазақстан өңірі беріп тұр. Ал тазартылған күнбағыс майының 78 пайызын Шығыс Қазақстан облысы (28,7 мың тонна) мен Шымкент қаласы (22,6 мың тонна) берген. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан күнбағыс майын алып шығуға 31 тамызға дейін шектеу қойды. Сол арқылы сектордағы бағаны тұрақтандырып, тапшылықтың алдын алмақшы. Маусым-шілде айларында күнбағыс майын шығару квотасы 68 мың тонна болып бекітілді", – делінген Еnergyprom.kz хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 60% қымбаттады, импорт үлесі – 50%