Конституциялық сотқа қаңтарда Астана мен Алматы тұрғындары көбірек жүгінген
Өтініштердің 17 пайызы зейнетақы саласына қатысты.Қаңтар айында Конституциялық бақылау органына 800-ден астам өтініш түсті, деп хабарлады Конституциялық соттың баспасөз қызметі.
Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған.
Өтініш берушілердің басым бөлігі (36%) әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданған. Кейінгі кезекте – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14 пайызды құрады.
Бұлардан бөлек, аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түскен.
Оқи отырыңыз: Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күші жойылды деп тану жөнінде қаулы шығарды