Коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысы 300 мың теңгеге жетеді – министр
Орташа жалақы сала мен өңірге байланысты 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде кімнің жалақысы 200-300 мың теңгеге дейін өсетінін мәлімдеді.
Министр коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру үшін "Табиғи монополиялар туралы" заңның 22-бабына өзгерістер енгенін айтты. Өзгеріске коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни сантехник, электрик, дәнекеушілердің жалақысын 50 пайыздан 100 пайызға дейін көтеру жатады.
"Орташа жалақы сала мен өңірге байланысты 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 200 мыңға жуық жұмысшыға әсер етеді", — деді министр.