Колумбия президенті корридаға тыйым салуға шақырды
Оқыс жағдай кезінде бес адам көз жұмып, кемінде 500 адам зиян шекті.Эль-Эспиналь қаласындағы оқыс жағдайдан кейін Колумбияның енді сайланған президенті Густаво Петро бұқа тартыс өткізуге тыйым салуға шақырды, деп хабарлайды iz.ru сайты.
"Синселехода осыған ұқсас жағдай болды. Муниципалитет жетекшілерін адам мен жануарлар өліміне әкеп соғатын шараларды өткізуге тыйым салуға шақырамын", – деп жазды Twitter парақшасында.
Мұнымен қатар, Петро оқыс жағдай кезінде зиян шеккендердың жазылуына тілектестік білдірді.
Оқи отырыңыз: Айыппұл артып, жаза күшейсе де, Қазақстанда мал ұрлығы неге тыйылмай тұр?
Қазіргі мемлекет басшысы Иван Дуке өз кезегінде марқұмдардың отбасына көңіл айтып, аталған фактіге сәйкес тергеу жүретінін мәлімдеді.
Мұның алдында Толима департаментінің Эль-Эспиналь қаласында фестиваль кезінде адамдар тұрған мінбер құлаған еді.
Алдын ала мәлімет бойынша, бес адам көз жұмып, кемінде 500 адам зиян шекті. Ағаш құрылым адамдардың салмағын көтере алмаған болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: "Жер берсе, субсидия сұрамаймыз". Мал баққан шаруаның мұңы қандай?
Бұдан өзге, аренадан бұқалардың бірі қашып кетіп, тұрғындардың үрейін ұшырып отыр. Осы жағдайға байланысты өңір әкімшілігі "сары" қауіп деңгейін жариялады.