Көктайғақ және тұман: Қазақстанда 6 желтоқсанда ауа райы қандай болады
Оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар жауады.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық ағындрдың өтуіне қарай ҚР аумақтарының басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар жауады.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жоғары қысымды өрістің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыста, солтүстікте жел күшейіп, солтүстікте, орталықта бұрқасын болуы ықтимал.