Көкпардан еліміздің ұлттық құрамасының мүшелері осы жылдағы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алғашқы жиын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Олимпиадалық даярлау орталығында өтсе, кезекті оқу-жаттығу Тараз қаласындағы "Атлетик" спорт базасында өтті, деп хабарлады Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы.

Ұлттық құрамада 24 спортшы бар. Құрамында еліміздің барлық өңірінен мықты спортшылар қамтылған. Атап айтқанда көкпардан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Абылайхан Нышанбеков, көкпардан Азия чемпионы Құрманбек Тұрғанбек сынды белді шабандоздар бар. Оларды көкпардан бас жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев дайындап жатыр. 

Сондай-ақ, еліміздің намысын Нұрқасқа, Бүркіт, Заңғар, Найман, Кәмпит, Қаршыға сынды үздік аттар қорғайтын болады. 


Оқи отырыңыз: "Балаларды атбегілікке баулимыз". Оралдық ұстаздар қалай ұлттық ат спортын дамытып отыр?


Оқу-жаттығу жиындары IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бағытталған. Ол 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында өтеді.