Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Көк Жайлауға кетіп, телефоны сөндірулі болған 18 жастағы туристі іздеді, деп хабарлады министрілктің баспасөз қызметі

13 тамызда түнгі сағат 1.15-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шықты. 2005 жылы туған жас жігіт 12 тамызда таңертең Көк Жайлау шатқалына кеткен. Ал телефоны сөндірулі болған.

Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапты. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған. Сағат 5.20-да құтқарушылар жасөспірімді туыстарына жеткізді.

ТЖМ құтқарушылары тауға шығатындарға ескертеді:

  • тауға шықпас бұрын бағытыңызды, ауа-райын зерттеңіздер;
  • туыстарыңызға немесе таныстарыңызға өздеріңіздің бағытыңыз және қалаға оралу уақытын айтып кеткен жөн;
  • міндетті түрде өзіңізбен су өткізбейтін пакетте сіріңке мен зарядталған пауэрбанк алып жүріңіздер.