Күдіктіні “Cyberpol” арнайы тобының қызметкерлері Шымкент қаласында ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Ұсталған азамат – Қызылорданың тұрғыны. Оның Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Шығын көлемі – 6 млн теңге. 

"Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан", – делінген хабарламада. 

ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысты-қатысты емес екені анықталып жатыр.