Облыста 63 жол құрылыс материалы нормативтік талаптарға сай келмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының" Қызылордадағы филиалы жұмыс маусымы басталғалы 169 мәрте тексеруге шықты. 508 сынама зертханалық зерделеуден өтті. Тексеру кезінде 63 жол құрылыс материалының нормативтік талаптарға сай емес екені анықталды. Мекемеміздің тарапынан мердігерлер мен тапсырыс берушілерге ескертпе хаттамалар жіберілді", – деді филиал директоры Ерболат Көштаев.

Сондай-ақ, 20 миллион 350 мың теңгенің сапасыз асфальт жамылғысы қырып алынып, нормаға сай қайта төселген. 


Оқи отырыңыз: "Асфальт құжат жүзінде ғана төселген". Тараз тұрғындары неге наразы?


"Салдарынан жол салушы компаниялар едәуір шығынға батты. Сондықтан аталған сала мамандарына жолдарды сапалы салуға назар аударуын сұраймыз", – дейді филиал директоры Ерболат Көштаев.

Мамандардың айтуынша, көбіне асфальттың тығыздығы мен қалыңдығы нормаға сәйкес келмейді. Яғни, жолдың құрылысына жауапты техникалық қадағаушылар тиісті бақылау жүргізбей, мемлекеттік стандартқа сай келетін зертханаларға жүгінбейді.