ҚМА рейдерлік әрекетпен айналысқан топты құрықтады
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатқанын хабарлап, олардың деректерін жариялады. Олар 14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалған.
Агенттік келесі азаматтардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендердің Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуын сұрайды:
- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.
Бұл азаматтарға қатысты Алматы қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жарияланып, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы таңдалған. Ал Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.
Оқи отырыңыз: Көкшетауда итті тұншықтырып өлтірген адам 50 тәулікке қамалуы мүмкін