ҚХП әйелдерді зейнет демалысына 58 жаста шығаруды ұсынды
Партия, сондай-ақ, әрбір қазақстандыққа пайдалы қазба өндірісінен түскен табыстан үлес беруді талап етіп отыр.Қазақстан халық партиясының парламенттік фракциясы ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша өз ұсыныстарын берді. Олардың негізгілеріне тоқталамыз:
- Әйелдердің зейнет жасын 58-ге қайта түсіру.
- Кепілді әлеуметтік көмек. Яғни, азаматтарға жасына, ауруына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзге де заңды негіздерге байланысты төменгі кепілді әлеуметтік көмек көрсету.
- Әрбір қазақстандыққа пайдалы қазба өндірісінен түскен табыстан үлес беру.
Оқи отырыңыз:
- Әйелдердің зейнет жасын 58-ге қысқарту мәселесін арнайы жұмыс тобы қарап жатыр
- "Күміс жас" жобасы: зейнетке шығатын адамдар жұмыспен қалай қамтылады?
"Қазақстандықтардың жерге және жерасты пайдалы қазбалар өндірісінен табыс көруіне конституциялық құқығы боулы керек", – делінген партияның мәлімдемесінде.
- Инфляцияның өткен жылғы көрсеткішінен жоғары деңгейде зейнетақы, шәкіртақы және жәрдемақыны міндетті түрде индекстеу. Партия өкілдері бұл мәселе парламент шешіміне тәуелді болмауы керектігін айтады.
- Үкіметтік парламентке есептілігін конституциялық негізде бекіту.
ҚХП өкілдерінің айтуынша, егер министрлердің есебі бекітілмесе не оған парламент өкілдері сенімсіздік танытса, олар отставкаға кетуі тиіс.