Қазақтың ақбас сиырына шетелде қызығушылық артқан
Қазақ сиырының ақбас тұқымының республикалық палатасы малшылар мен шетел азаматтарына арналған "ет турын" өткізеді."Біз өз тұқымымыздың генетикалық жетістіктерін және мал шаруашылығына енгізіліп жатқан заманауи технологияларды көрсетеміз. Сондай-ақ, канадалық Grow Safe компаниясының жабдығы бар асыл тұқымды репродуктор көрсетіледі, онда біз генетиканы қараймыз және азықты тұтыну мөлшерінің алынатын салмаққа арақатынасы бойынша үздік жануарларды анықтаймыз", – деді қазақ ақбас тұқымының республикалық палатасының атқарушы директоры Дәурен Матақбаев.
Палатаның атқарушы директорының айтуынша, әлемнің көптеген елдерінде жаңа қазақстандық Qazaqaqbas бренді танылып, қазақтың ақбас сиырының импортына қызығушылық танытып отыр.
"Біз жануарларды сынау үшін шетелдік технологияларды қолданамыз. Сол себепті адамдар біздің тұқым туралы көбірек біле бастайды. Біз оның тек қазақстандық бренд болғандықтан ғана емес, батыстық сынақ жүйесінің барлық талаптарына сай келетінін көрсетеміз. Біз олардың ережелеріне сай және олардың өрісінде біздің тұқымымыз еш кем түспейтінін, тіпті кейбір тұстары одан да жақсы екенін дәлелдейміз", – деді ол.
Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы министрі: Көктемге қарай ет қымбаттауы ықтимал